КӘСІПОРЫН ТАРИХЫ
ХХ ғасырдың 60-жылдарының соңында КСРО жалпы машина жасау министрлігінде «Салынып жатқан кәсіпорынның дирекциясы» ұйымы құрылды. Кәсіпорын Октябрьская көшесі, 9 үй мекенжайда орналасқан. «Дирекцияның» негізгі міндеті ССП-дағы өндірістік қуаттар мен объектілерді салуды және іске қосуды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын қалашық аумағында тұрғын және тұрғын емес мақсаттағы объектілерді салу (Олимпийская көшесі 33, 35, 37, 40 тұрғын үйлер, Олимпийская көшесі 34 бойынша жатақхана және т.б.) болып табылады. «Кешенді экспедиция 20» кәсіпорны үшін құрылыс жұмыстарының үлкен көлемі жүзеге асырылады, «Кешенді экспедиция 20» автомобиль-көлік шаруашылығының аумағында өндірістік алаңдар мен басқа да инженерлік құрылыстар салынған.
06.04.1989 жылғы бұйрықпен салынып жатқан кәсіпорын дирекциясы «Байкал» кәсіпорны болып өзгертілді. 1992 жылы КСРО ыдырағаннан кейін «Байкал» кәсіпорны ҚР өнеркәсіп министрлігіне берілді, ал 1993 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар Министрлігінің құрылымдық құрамына кірді және ҚР ҰЯО РМК құрамына енгізілді. Кәсіпорынның 30 жылдық жұмысы ішінде қызметкерлер саны айтарлықтай өсті – 12 еседен астам. Алғашқы 10 жылда олардың саны 46,2% – ға, кейінгі 10 жылда (1999 жылдан 2008 жылға дейін) - 2,6 есе өсті және соңғы 10 жылда олардың саны 61,5% - ды құрады.
1993 жылдан бастап кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары автокөлік қызметтері, жүк тасымалдау және бұрынғы ССП объектілерін қорғау болды. 1999 жылы кәсіпорынның өндірістік қызметі кеңейді. ҚР ҰЯО РМК және оның еншілес кәсіпорындары объектілерінің ғимараттары мен инфрақұрылымдарына қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс учаскесі құрылды.
1989-1998 ж. Құнанбай (Октябрьская) көшесі, 9 үй ғимараты
1998-2013 ж. Абай (Первомайская) көшесі, 14 үй ғимараты
2013 жылдан қ.у. дейін Тәуелсіздік (Ленина) көшемі, 6 үй ғимаратында
Айта кету керек, 1989 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Байкал» филиалы қарқынды дамып келеді, сонымен қатар еңбек ресурстарын арттыруда. Кәсіпорын жұмыс істеген 30 жыл ішінде персонал саны айтарлықтай өсті – 12 еседен астам және бүгінгі күні ~343 адамды құрайды, 1991 жылы кәсіпорын штатында 6 бөлім болды. 01.01.2019 ж. жағдай бойынша «Байкал» филиалы 17 бөлімнен тұрады, яғни кәсіпорын қызметкерлерінің саны 3 есеге жуық өсті.
1993 жылдан бастап кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары автокөлік қызметтері, жүк тасымалдау және бұрынғы ССП объектілерін қорғау болды. 1999 жылы кәсіпорынның қызметі кеңейді - ҰЯО объектілерінің, оның еншілес кәсіпорындарының, сондай-ақ қала объектілерінің ғимараттары мен инфрақұрылымын қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін құрылыс учаскесі құрылды.