Саябақтар шеруі 2018

Ағымдағы жылдың көктемінде Қазақстанда 1996 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Саябақтар шеруі 2018» халықаралық табиғат қорғау акциясы басталды. Осыған байланысты «Байкал» филиалының басшысы акцияға қатысуға шешім қабылдады. Біздің филиалдың қызметкерлері өз күштерімен екі жүзден астам бұталар мен ағаш көшеттерін отырғызды. Шырайгүл, мариголд гүлдерінің көшеттері сатып алынып гүлзарларға отырғызылды. Сондай-ақ, біздің саябақта жұмыс істемейтін субұрқақтан гүлзар жасалды. Саябақта күн сайын жұмыс жүргізіледі. Болашақта саябақта орындықтар қойып, саябаққа кіре берісте арка құрылымын жасау жоспарлануда.